Жалағаш ауданында халықты сапалы ауыз сумен қамтамасыз ету бағытындағы жұмыстар тұрақты бақылауда.
Бүгінде аудан халқы 100 пайыз орталықтандырылған ауыз сумен қамтылған. Бұл – жүйелі атқарылған жұмыстың нақты нәтижесі.
Соның жалғасы ретінде Есет батыр елді мекенінде ауыз су жүйесін қайта жаңғырту жобасы жүзеге асырылуда.
Жоба аясында ауылдағы темір-бетоннан жасалған су құдықтары толық жаңартылып, әрбір тұрғын үйге заманауи радиомодульді су есептегіш құрылғылары орнатылады.
Халықтың тұрмыс сапасын арттыруға бағытталған мұндай маңызды жобалар ауданның тұрақты дамуы мен елді мекендердің әлеуетін арттыруға негіз болмақ.






