«Халық әуені» жобасы қорытынды кеші Байқоңыр қаласында өтті

4

0

Байқоңыр қаласында «Халық әуені» жобасы аясындағы шығармашылық сапардың қорытынды кеші жоғары деңгейде ұйымдастырылды. Мәдени шара барысында көрермендер қазақтың дәстүрлі халық әндерін тыңдап, әлемге танымал хит шығармаларды тамашалады.

Кеш бағдарламасы театрландырылған қойылымдармен және әйгілі мюзиклдерден ұсынылған әсерлі үзінділермен толықты. Сахналық көріністер мен әуезді әндер үйлесім тауып, көрермендерге ерекше рухани әсер сыйлады.

Өнер мен мәдениетті ұштастырған тағылымды кеш ұлттық құндылықтарды насихаттап, көрермендердің ыстық ықыласына бөленді. Кеш соңында жиналған жұртшылық көтеріңкі көңіл күймен тарқасты.