«Қазгермұнай» компания басшысының бірінші орынбасарын зейнетке шығарып салды

446

0

Фото: облыс әкімдігі

Кеше облыс әкімі Нұрлыбек Нәлібаев «Қазгермұнай» БК» ЖШС бас директорының бірінші орынбасары Лю Шаоюмен кездесіп, зейнет демалысына шығуымен құттықтады.
Аймақ басшысы Лю Шаою мырзаға мұнай-газ саласына ұзақ жылдар бойы сіңірген еңбегі үшін алғыс білдірді.

«Құрметті Лю Шаою мырза, мұнай-газ саласында 40 жылға жуық өнімді еңбек етіп, оның ішінде аймақтағы «АйданМұнай» компаниясына 4 жыл, «Қазгермұнай» серіктестігіне 4 жыл басшылық жасадыңыз. «Қазгермұнайдағы» бірлескен сапалы жұмыстың арқасында бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі жоғары деңгейге көтерілді. Атап айтқанда, компания демеушілігімен 2,5 млрд теңгеге Қызылорда қаласының сол жағалауынан Оқушылар сарайы салынуда. Ғимарат жақын күндері пайдалануға беріледі.
Қайырымдылық шараларына да жыл сайын 70 млн теңгеге жуық қаржы бөлініп келеді. Көктемгі су тасқыны кезінде 20 млн теңгенің гуманитарлық көмегі батыс өңірлерге жіберілді. Өзіңіздің қатысуыңызбен 2022 жылы облыстағы мұнай компаниялары Энергетика министрлігімен «Қазгермұнай» мекемесінің «Оңтүстік Ақсай» кен орнындағы шикі газды өндеу зауытына дейін газ құбырын жеткізу туралы меморандумға қол қойған болатын. Қазір газ құбыры құрылысының жоба-сметалық құжаттамалары әзірленуде. Бұл өңделетін газ қорын ұлғайтуға және облыстың әлеуметтік-экономикалық дамуына айтарлықтай үлес қосады. Зейнет демалысында да осы қалпыңыздан таймай, көпшіліктің алғысы мен құрметіне бөлене беріңіз», – деді Нұрлыбек Машбекұлы.

Іс-шарада “Қазгермұнай” БК” ЖШС бас директоры Зияш Қияқбаев та әріптесін құттықтап, арнайы тілек-лебізін білдірді.
Сыр өңірінің мұнай-газ саласындағы еңбегі үшін Лю Шаою мырзаға Қызылорда облысының Құрмет грамотасы табысталды.

Қызылорда облысы әкімінің баспасөз қызметі

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<