СҚО-да үшем дүниеге келді

1073

0

Солтүстік Қазақстан облысында бүгін үшем дүние есігін ашты. Екі ұл, бір қыздың жағдайлары жақсы, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

СҚО денсаулық сақтау басқармасы баспасөз қызметінің мәліметінше, Петропавлдағы перинаталдық орталықта бүгін үшем дүниеге келді. Екі ұл бір қызды өмірге әкелген ананың жасы 35-те. Ақжар ауданының орталығы Талшық ауылының тумасы.

Бір күнде көп балалы ана атанған әйелді үйінде үш қызы күтіп отыр.

Мамандардың айтуынша, шақалақтардың жағдайы жақсы, салмақтары: 2,6, 2,4 және 2,1 келі. Кесір тілігі арқылы босанған әйел қазір жансақтау бөлімінде жатыр.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<