Бүгін Сыр өңірінің әлеуметтік-экономикалық дамуына сүбелі үлес қосқан мемлекет және қоғам қайраткері Нәлқожа Ергешбаевты еске алуға арналған тоғызқұмалақтан республикалық турнирдің ашылу салтанаты өтті.
ҚР Спорт комитетінің баспасөз қызметі атап өткендей, салтанатты шараға облыстық мәслихат төрағасы Мұрат Тілеуімбетов, облыс әкімінің орынбасары Шахмардан Байманов, облыстық ардагерлер кеңесінің төрағасы Серік Дүйсенбаев, Қазақстанның Еңбек Ері Абзал Ералиев пен Имамзада Шағыртаев, ҚР тоғызқұмалақ спорт федерациясы заңды тұлғалар бірлестігінің вице-президенті, Қазақстанның Еңбек сіңірген жаттықтырушысы Мақсат Шотаев, Қызылорда облыстық тоғызқұмалақ зияткерлік қауымдастығының президенті Әбдіқадыр Ергешбаев сондай-ақ, зиялы қауым мен БАҚ өкідері қатысты.
Айта кетейік, биыл дәстүрлі жарыстардың біріне айналған байрақты бәсекенің 17-ші мәрте жалауы желбіреп отыр.
Дүбірлі додаға еліміздің әр өңірінен келген 14 команда, 350-ге жуық тоғызқұмалақшы шеберліктерін сынамақ. Сайыс 7 наурызға дейін жалғасады.
>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<