Сырдария ауданында ауқымды істер атқарылуда

307

0

Биыл Сырдария ауданында өнеркәсіп өндірісі 68,5 пайызға ұлғайса, өңдеу өнеркәсібі 3,4 пайызға, ауыл, орман және балық шаруашылығының өнімі 1,4 пайызға өсті. Ал инвестиция 72,4 пайызға, тұрғын үй 26,9 пайызға және құрылыс жұмыстарының көлемі 5,3 есеге артқан. Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінің ақпараттық алаңында өткен баспасөз конференциясында Сырдария ауданының әкімі Берік Сәрменбаев баяндады.

– Осы жылдың соңына дейін құны 1,9 млрд теңгені құрайтын 10 инвестициялық жобаны жүзеге асыру жоспарланды. Ал жеңілдетілген несие алу үшін 414 млн теңгені құрайтын 49 жобаның құжаттары қаржы ұйымдарымен қарастырылуда. Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес, халықтың табысын арттыру мақсатындағы «Ауыл аманаты» бағдарламасына қатысуға аудан халқы белсенділік танытуда. Бүгінде бағдарлама аясында 3 млрд теңгені құрайтын 489 жобаның құжаты дайындалып, «Байқоңыр» әлеуметтік кәсіпкерлік корпорациясына ұсынылуда, – деді Берік Әбдіғаппарұлы.

Сондай-ақ ауданда 3247 шағын және орта кәсіпкерлік субъектісі жұмыс істеп тұр. Бұл өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 34 пайызға өскен. Жалпы осы жылдың 6 айында мемлекеттік және өңірлік бағдарламалар аясында 184 жобаға қаржылай қолдау көрсетілген.

Қызылорда облысының өңірлік коммуникациялар қызметі

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<