Шығыс асханасының тіл үйірер дәмі

506

0

Жақында Тереңөзек кенті И.Тоқтыбаев көшесінде кәсіпкер Қайрат Қазиевтың «Жігер» асханасы ашылды. Кәсіпкердің жұмысымен танысуға аудан әкімі М.Ергешбаев барды.

Асхана бір мезетте 35-40 адамды қамти алады. Асхана мәзіріндегі шығыс халықтарының дәстүрлі тағамдары меймандарын ерекше тәнті етуде.

Келушілердің сұранысы бойынша тіл үйірер қазақтың ет тағамы, ұйғырдың лағманы, өзбектің палауы арнайы дайындалады. Тіпті арнайы дайындалатын палауды тапсырыспен жасататындардың саны көп екенін кәсіпкер айтуда.

Келушілер алғашқы сәттен-ақ, жаңа асханада бағаның қолжетімдігіне көз жеткізген.

Кәсіпкердің айтуынша аталған кешенді өз қаражаты есебінен ашып, 3 адамды жұмыспен қамтып отыр. Сонымен қатар, дәмхананы кеңейту үшін жобалық құны 4 миллион теңгені құрайтын «Қызылорда» өңірлік инвестициялық орталығы арқылы 6 пайыздық несиеге өтініш берген.

Аудан әкімі қазіргі таңда аудан көлемінде кәсіпкерлікті қолдауға бағытталған мемлекеттік бағдарламаларды жүзеге асыруға тұрақты негізде жұмыстар жүргізіліп, жаңа жұмыс орындарын ашуға, кәсіпкерлік субъектілерінің жұмыс істеуіне жағдай жасалатынын жеткізді.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<