Облыс әкімінің құттықтауы

291

0

Құрметті жерлестер!

Сіздерді Қазақстан Республикасының Конституциясы күнімен құттықтаймын!

Еліміздің Ата заңы мемлекеттілігіміздің берік іргетасын қалап, ішкі саяси тұрақтылықты қамтамасыз етуге және Қазақстан қоғамын біріктіруге негіз болып келеді. Былтыр Конституцияға өзгерістер енгізу жөніндегі жалпыұлттық референдум өтіп, халқымыз, оның ішінде Сыр жұртшылығы жан-жақты жаңғыруға бағытталған ауқымды реформаларға барынша қолдау көрсетті. Бетбұрысты сәтте заңды құқықтарын пайдаланып,  өздерінің ұстанымдарын білдірді.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «Референдум қорытындысы біздің мемлекеттігіміздің тарихында мүлде жаңа дәуір басталғанын көрсетеді.   Халқымыз өз таңдауын білдіру арқылы түбегейлі бетбұрыс жасауға ұмтылысын көрсетті. Жасампаз ел болуға деген ықылас-ынтасын байқатты» деп атап өтті.

Конституцияда жазылған заң үстемдігі, құқықтар мен бостандықтардың мүлтіксіз сақталуы, әлеуметтік кепілдіктер мен жалпы адамзатқа ортақ жоғары құндылықтар даму мен жаңғырудың нақты бағдарын айқындайды. Ал Ата Заңға енгізілген өзгерістер  мемлекеттігіміздің тұғырнамасын түбегейлі өзгертіп, бүкіл қоғамның дамуына тың серпін берді.

Конституциялық реформалардың басты міндеті халықтың әл-ауқатын арттыру, мемлекеттілігімізді мейлінше нығайту және қоғамды үйлесімді дамыту болып белгіленген. Бұған әрқайсымыз атсалысып, қолдау көрсетіміз керек.

Бүгінгі мерекеде қастерлі Тәуелсіздігіміздің, ел бірлігі мен қоғамдағы келісімнің тұғыры биік болғай деп тілеймін. Еліміз аман, еңбегіміз жемісті болсын!

Құрметпен,

облыс әкімі Н.Нәлібаев

*сурет ашық дереккөзден алынды

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<