Облыс әкімі «Оңтүстік» өңірлік қолбасшылығы әскерлері қолбасшысымен кездесті

257

0

Фото: Облыс әкімдігі

Бүгін облыс әкімі Нұрлыбек Нәлібаев Қызылорда облысына іссапармен келген «Оңтүстік» өңірлік қолбасшылығы әскерлері қолбасшысы, генерал-майор Қуанышбек Үштаевпен кездесті.

Кездесуде Қызылорда облысының аумақтық қорғанысын нығайту және дамыту бағытындағы мәселелер талқыланды.

Қуанышбек Өскенбайұлы Сыр өңіріне сапары барысында Қызылорда гарнизонымен танысып, 16-18 қаңтар күндері аумақтық қорғаныс бригадасы өткізетін командалық-штабтық жұмылдыру оқу-жаттығуына қатысады.

Аймақ басшысы аталған іс-шараның маңыздылығын айтып, оқу-жаттығудың сәтті өтуіне тілектестік білдірді.

Қызылорда облысы әкімінің баспасөз қызметі

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<