Режеп Тайип Ердоған ҚР Президентіне: Біз шынайы бауырмалдықты сезіндік

394

0

Түркия Президенті Режеп Тайип Ердоған Анкарада сапармен жүрген Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевқа алғыс айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Түркияға келгеніңізге қуаныштымын. Алапат жер сілкінісінен 49 мың адам қаза тапты. Осындай қиын сәтте алғашқы болып телефон шалған әлемдік көшбасшылардың бірі өзіңіз болдыңыз. Қазақстанның құтқарушылары зардап шеккен азаматтарымызды құтқаруға атсалысты. Біз шынайы бауырмалдықты сезіндік», – деді Түркия Президенті.

Еске салсақ, кеше түнде Қасым-Жомарт Тоқаев ТМҰ-ның кезектен тыс саммитіне қатысу үшін Анкараға жұмыс сапарымен барды.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<