«Мектепке жол»: Мұқтаж отбасыларға компьютер табысталды

673

0

Шәкәрім айтқан «адамдық борышың, халқыңа еңбек қыл». Жастар бүгінде бұл сөздерді тұмар етіп, игі істерін жалғастыруда. Орталық мамандарыескі компьютерлерді кәдеге жаратып, балалардың кедергісіз білім алуы үшін ІТ паркпен бірлескен жобаны қолға алды.

Қала тұрғындары бұған дейін істен шыққан компьютерлерін орталыққа әкелген болатын. Нәтижесінде мамандар 110-нан астам компьютердің ішіндегі қажетті бөлшектерді пайдалана отырып, тағы жаңа 20 компьютерді жасақтап шығарды. Бүгін олар екінші лекпен тұрмысы төмен, мұқтаж отбасыларға таратылды. Орталық директоры Бауыржан Мастековтың айтуынша, осыған дейін жаңа оқу жылына орай 30 компьютер берілген, республикада алғаш болып біздің өңірде қолға алынған бұл бастама алдағы уақытта да жалғасады.

Компьютерге қол жеткізгендер ішінде Айнұр Әлиева бар. Оның баласының білім көкжиегін кеңейтуіне берілген бұл мүмкіндікке деген алғысы зор. Иә, жақсылықтың үлкен-кішісі болмайды. Өзгеге мейірім сыйлау үшін таза ниеттің өзі жеткілікті.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<