Миллионнан астам оқушы бір мезгілде ұлттық ойындар ойнайды

1795

0

Сурет: ҚР Оқу-ағарту министрлігі

17 қарашада еліміздің барлық мектебінде бір мезгілде ұлттық ойындар челленджі өтеді. ҚР Оқу-ағарту министрлігінің хабарлауынша, оқушылар «Бес табан» және «Бес асық» ойындарын ойнайды.

Мақсаты – білім алушыларды рухани-адамгершілік, эстетикалық, патриоттық бағытта тәрбиелеу, мәдени құндылықтарды сақтау және ұлттық ойындарды дәріптеу.

Ұлттық ойындар – адамға қанат бітіріп, шабыттандыратын ғажайып сайыстар. Ол денсаулықтың ғана емес, өмір үйлесімділігінің кепілі дейді мамандар. Мысалы, асық ойнау баланың жүйке-бұлшықет жүйесін шынықтырады, дүниетанымын кеңейтеді, оның шапшаң қимылдауына әсер етеді, оған қоса көру қабілетін жақсартады.

«Бұл кең көлемді республикалық акция еліміздің барлық білім беру ұйымдарын біріктіруге, өз елі үшін, халық құндылығы үшін мақтаныш сезімін қалыптастыруға, қазақ халқының мәдениеті мен тарихына қызығушылықты арттыруға бағытталған», – дейді Тәрбие жұмысы және қосымша білім беру департаментінің директоры Меруерт Медетбекова.

Челленджге еліміздің миллионнан астам оқушысы қатысады деп күтіледі.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<