Нұрғали – үздік оқытушы

1385

0

Сырбойылық Нұрғали Ақылбеков республика бойынша үздік оқытушы атанды. Аталған байқауға еліміздің 73 оқу орынан 623 оқытушы қатысты. Байқау пандемияға байланысты онлайн форматта өтті. Әр өңірдің үздіктері үш кезең бойынша педагогикалық және ғылыми шеберлігін шыңдады.

-Қорқыт ата атындағы университетінде физика-химиялық талдау әдістері» инженерлік бейіндегі зертхана жетекшісімін. Мұндай байқауға алғаш рет қатысуым. Еліміз бойынша 150 оқытушы үздік деп танылды. Дода да оқытушылардың ғылыми-педагогикалық қызметі сапалық және сандық көрсеткіштері бойынша бағаланды. Сондай-ақ, әлемнің жетекші университеттерінде ғылыми тағылымдамадан өтуге мүмкіндік беретін грантқа ие болдым,-деді жас ғалым.

Бүгінде жас оқытушының сегіз жылдық еңбегі Web of Science және Scopusтың басылымдарына жарияланды. Яғни, шетелдік, халықаралық және республикалық конференциялар мен симпозиумдардағы материалы мен баяндама тезистері, 104 ғылыми мақаласы жарық көрді.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<