Оқу жылын ұйымдастыру ерекшеліктері педкеңесте талқыланды

607

0

Қызылорда қаласындағы Зияткерлік мектепте 2023-2024 оқу жылының алғашқы педагогикалық кеңес отырысы өтті.

Мектеп ұжымы өткен оқу жылының қорытындысы, оның ішінде 10-12 сыныптар бойынша сыртқы жиынтық бағалау нәтижелерін талдап, алдағы уақытта білім беру үдерісін ұйымдастыру бойынша кеңесті. Сонымен қатар мұғалімдер NIS-Programme бағдарламасын жетілдіру шеңберінде қайта қаралған оқу бағдарламаларын іске асыру туралы ақпарат алып, тәрбие жұмысының ерекшеліктерімен танысты.

Жиын барысында «Назарбаев Зияткерлік мектептері» дербес білім беру ұйымының қалыптасуы мен дамуына қосқан зор ерекше үлесі үшін мектеп ұстаздары Гаухар Мананбай мен Айгүл Абуова Басқарма төрағасының Құрмет грамотасымен марапатталды.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<