Премьер-министрге шағымнан кейін БҒМ шенеунігі жауапқа тартылды

812

0

ҚР премьер-министрі Асқар Мамин БҒМ Цифрлық трансформация департаментінің директоры тәртіптік жауапкершілікке тартылғанын мәлімдеді, – деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

9 қыркүйекте Мәжіліс депутаттары «сұратылған ақпаратқа жауап беруден қашып жүрген БҒМ шенеуніктеріне» шағымданған. Депутаттар пандемия кезінде жүйе қашықтан оқуға дайын болмаса, білім саласын цифрландыруға бөлінген ақшаның қайда жұмсалғанын сұрады.

«Министрлік берген ақпаратқа сүйенсек, 29 шілде күнгі депутаттық сауалға жауап 2020 жылғы 8 қыркүйекте хатпен жолданған. Сіздің сауалыңызға уақтылы жауап берілмегені үшін Білім министрлігі Цирлық трансформация департаментінің директоры тәртіптік жауапкершілікке тартылды», – деді Асқар Мамин.

Бұдан бөлек премьер-министр Қаржы министрлігі Ішкі мемлекеттік аудит комитеті 2016 жылдан бастап бөлінген ақшаның қалай қолданылғанын алдын ала тексеріп жатқанын атап өтті. 

«Тексеріс қорытындысын министрлік пен Есеп комитеті қосымша хабарлайды. Жалпы сіз көтерген мәселелер Үкіметтің бақылауында», – деді Мамин.


 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<