Қашықтықтан оқыту кезіндегі бағалаудың ерекшелігі мен тиімділігі

12868

0

Қазіргі таңда білім беру жүйесінде болып жатқан елеулі өзгерістің бірі – қашықтықтан оқыту форматы.Даму жолындағы мемлекет болғандықтан,оқытудың бұл технологиясын қолданудың өзі жетістік деп айтуға болады. Себебі бәсекеге қабілетті, кәсіби маман жаңа білім алу жолдарын меңгеріп, іске асыра білуі тиіс деп ойлаймын. Алдымен, қашықтықтан оқыту жүйесі дегеніміз не деген сауалға жауап іздесек.

Қашықтықтан оқыту – оқушы мен ұстаздың  жанама немесе толық емес жанама өзара іс-қимылы кезінде ақпараттық-коммуникациялық технологияларды және телекоммуникациялық технологияларды қолдана отырып жүзеге асырылатын оқыту. «Онлайн» режиміндегі оқу сабақтары білім алушы мен педагог арасындағы асинхронды тілдесудің оқу іс-әрекеті үдерісін қарастырады. Қашықтықтан оқыта отырып, оқушының алған білімінің нәтижесін бағалау немесе күнделікті оқушы қандай деңгейде білімге қол жеткізіп жатыр деген сауалда әрбір адамзатты толғандырады. Осы тұрғыда критериалды бағалаудың қашықтықтан оқытудағы тиімділігі және жолдары деген ойға тоқталып өтсем.

Критериалды бағалау кезінде оқушылардың үлгерімі алдынала белгіленген критерийлердің (Р.Ю.Глейзер енгізген) нақты жиынтығының көмегімен өлшенеді. Бұл нормаға негізделген бағалаудан өзгеше деуге әбден болады. Нормаға негізделген бағалау кезінде оқушылардың үлгерімі олардың сыныптастарының үлгерімімен салыстырылып қойылады.Критериалды бағалау жүйесі қалыптастырушы бағалау мен жиынтық бағалауды қамтиды.

Күнделікті сабақтың өн бойында жүретін бағалау қалыптастырушы бағалау. Бұл бағалаудың түрі оқу үдерісінің ажырамас бөлігі болып табылады және оқушылардың дағдыларының қалыптасу және білімді меңгеру деңгейін байқатады, оқудағы қиындықтарды анықтауға, оқу бағдарламасындағы белгіленген оқу мақсаттарына қол жеткізуге көмектеседі. Сонымен қатар оқушылар мен мұғалім арасындағы кері байланысты қамтамасыз етеді, балл не баға қоймастан оқу үдерісін түзетіп отыруға мүмкіндік береді.

Қалыптастырушы бағалаудың негізгі функциялары:

  • қалыптастыру – тәжірибе жүзінде құндылықтар жүйесін белгілеу, қалыптастыру және бекіту;
  • ынталандыру – оқушының күтілетін нәтижеге қол жеткізуі, тиімді түрде алға ілгерілеуі үшін қолайлы жағдай жасау;
  • уәждеу – оқушылардың бойында оқуға және нәтижеге қол жеткізуге деген ынтаныояту. Олай болатын болса, қазіргі таңда қашықтықтықтан оқыту барысында оқушыларымызды бағалау тиімді болды ма? Біріншіден мұғалім тарапынан әр баланың орындаған тапсырмасын көре отырып, жеке кері байланыс, түзетімдер енгізу кеңінен қолданылды деуге болады, себебі онлайн режимінде асинхронды қатынас жүзеге асырылады. Бұл дегеніміз баланың қаншалықты білімді игерді немесе бойында құндылық пен қажетті дағдының қалыптасқаны диалогтық қатынаста көрініс табады.Оқушы өзінің әлі де түзетімдер енгізуді қажет ететін тұстарын, тез арада өзгертуге мүмкіндік алады. Бұдан шығатын қорытынды қалыптастырушы бағалаудың бірінші функциясының орындалғанын байқатады.

Сонымен қатар оқушыны алға жетелеу мақсатында үнемі сындарлы және тиімді пікір білдіру қажет немесе қолайлы жағдай туғызған жөн. Мысалы, онлайн режимінде отбасында оқушыға ата-ана тарапынан қолдау, мадақтау берілсе немесе мұғалім тарапынан позитивті көңіл-күй сыйлай отырып,ашық пікір айтылып, жазылып және тапсырманың орындалуына қажетті дәрежедегі уақыт берілсе… Нәтижесінде қалыптастырушы бағалаудың екінші функциясы, яғни оқушыны ынталандыру жүзеге асырылғандығы байқалады және оқушыда алға қарай жылжу көрсеткішін көруге болады.

Кезкелген адамзаттың бойында қандай да бір іс-әрекетке ынта болмаса, нәтиже болмайтындығы немесе сапасыз нәтиже болатындығы анық. Осы тұрғыда оқушыларымызда тапсырманы орындауда немесе жаңа білімді, дағдыны игеруде ынтасын оятуымыз қажет, яғни уәжін өсіре алуымыз қажет. Педагог оқушының ішкі уәжін өсіруге мұмкіндік беретіні белгілі. Яғни педагог әсер етуші сыртқы фактор ретінде десем, артық емес. Яғни мұғалім дайын білімді бермей, керісінше оқушы ізденетіндей білім беруі қажет. Айталық, онлайн режимі кезінде бала ақпараттық құралдарды қолдана отырып, берілген тапсырманы өз бетімен іздене отырып, жұмыс жасаса, оның сабаққа деген ішкі уәжі өсе бастайды. Сонымен қатар педагог сабақты тек қана қашықтықтан оқытудың ватсап желісін қолданып қоймай, бейнечат, zoom т.с.с.қатынас бағдарламаларын қолданып өтетін болса, оқушыда ынта, ізденіс пайда болады. Бұл қалыптастырушы бағалаудың үшінші функциясының орындалуының бір мысалы деуге болады. Осылайша бағалау ынталандырушы, қалыптастырушы және уәждемелік қызмет атқарады.

Неғұрлым оқушыға қолдау, жігерлендіру, тиімді ұсыныс беру, әдіс-тәсілдерді таңдай отырып, онлайн режимінде сабақ жүргізілсе, нәтиже болатыны сөзсіз.

Алайда уақыт өте келе оқудың барлық кезеңдерінде оқушылар сабақ барысында жеке жұмыс істеуге қарағанда, мұғалім қолдау көрсеткен жағдайда көп жетістікке жетіп жүргеніне көз жеткізуі қажет. Мұны орындаудың ең тиімді жолы жеке оқушыларға жүйелі түрде кері байланыс ұсынып, тиісті, күрделілігі жоғарырақ мақсат қою болыптабылады.

Қорытындылай келе, жалпы бағалау үдерісінің кезеңдерін еске түсірсек. Мұғалімнің іс-әрекетіндегі қалыптастырушы бағалау үдерісі төмендегі кезеңдерді жүзеге асыруды талапетіледі:

  • қалыптастырушы бағалауды ұйымдастыру жәнежоспарлау;
  • қалыптастырушыбағалауәдістерінтаңдау;
  • оқыту мен оқуүдерісініңбөлігіретіндеқалыптастырушыбағалаужүргізу;
  • қалыптастырушыбағалаунәтижелерінталдау;
  • керібайланысұсыну;
  • қалыптастырушыбағалаунәтижелерінталдаунегізіндеоқу мен оқытудытүзету.

Қалыптастырушы бағалау – оқушылардың оқу жетістіктерінің дамуы мен өсуіне әсер ететін сабақ барысындағы негізгі үдеріс. Ол мұғалімге сынып оқушыларының білімін қадағалауға, жоспарына түзету енгізуіне, ал оқушыларға өз оқу жетістіктерін өздері бақылауына және одан әрі өзінің даму бағыттарын анықтауға мүмкіндік береді. Олай болса, қазіргі таңдағы сұраныс бойынша онлайн режиміндеде бұл талаптар орындалуы қажет.

Гаухар Таласбаева,

«Өрлеу» БАҰО» АҚ филиалы облыс бойынша

педагогикалық қызметкерлердің біліктілігін

арттыру институтының аға оқытушысы

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<