«Қазіргі білім берудегі инновациялық технологиялардың рөлі» атты халықаралық вебинар өтті

566

1

Өткен аптада «Дүниежүзі қазақ жас педагог-ғалымдар Платформасы», Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінің Жас ғалымдар Кеңесінің қолдауымен Қызылорда «Болашақ» университетінде «Қазіргі білім берудегі инновациялық технологиялардың рөлі» тақырыбындағы Халықаралық ғылыми вебинар өтті. Аталған іс-шараға шетелде білім алып жүрген қазақ жас ғалымдары мен еліміздегі ЖОО-дағы жас ғалымдар, білікті педагог-ғалымдар қатысты.

Халықаралық ғылыми вебинарда Стамбул университетінің «Информатика» мамандығы бойынша докторанты М.Асылбек «Қашықтан білім беруде Web 2.0 технологияларын қолдану», Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінің докторанты Ә.Нөгербек «Цифрландыру жағдайында болашақ биолог мамандарды даярлаудың креативтілік құзыреттілігін арттыру жолдары», Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің докторанты А.Қасаболат «Оқу үдерісін жобалауда сыни ойлау арқылы студенттердің шығармашылық әлеуетін дамыту», Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік педагогикалық университеті «Педагогика» кафедрасының меңгерушісі, Білім беру саласындағы PhD Ә.Оралбекова «Инклюзивті білім берудегі АКТ: халықаралық тәжірибе», Қазақ инновациялық гуманитарлық-заң университетінің докторанты Б.Наурызбаев «Нәтижелі оқытуға бағытталған зияткерлік жүйелердің маңызы», «Жан дүнием» кітабының авторы, психологиялық «Даналыққа қадам» МАК картасының авторы, «Эмоциялық интеллект» бағытының тренеріЕ. Нұрымов «Жаһандану заманда білім беру технологиясында эмоциялық интеллектінің рөлі» тақырыптары бойынша баяндама жасады.

Барлық қатысушы баяндамашылар университетректоры, техника ғылымдарының кандидаты Қ.Дәуренбековтің арнайы алғыс хаттарымен марапатталды. Алғыс хаттарды «Мектепке дейінгі, бастауыш білім және өнер» кафедрасының аға оқытушысы Н.Түнғатова табыстады. Аталмыш вебинарды Қызылорда «Болашақ» университетінің «Мектепке дейінгі, бастауыш білім және өнер» кафедрасы ұйымдастырды.

«Кіші жастағы оқушыларға білім беру»

ғылыми-педагогикалық орталығы

Пікірлер:

Пікір жазыңыз