Қызылордалық педагог жеңіс тұғырынан көрінді

446

0

Қыркүйек айының 28,29-ы күндері Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігі, Шығыс Қазақстан облысының білім басқармасы, Абай атындағы Шығыс Қазақстан гуманитарлық колледжінің ұйымдастыруымен КСРО халық ағарту ісінің үздігі, Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген мұғалімі А.Ислямов атындағы «Үздік педагогикалық эссе» республикалық байқауы өтіп, онда ел аумағындағы колледждерден 16 оқытушы бақ сынады.

Аталған сайыста М.Мәметова атындағы Қызылорда педагогикалық жоғары колледжінің Қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің оқытушысы Дүйсенова Тұрар Жайшылыққызы жүлделі ІІІ орынды қанжығалады.

Талантты педагогтар арасында бағы өрлеп, ойы озық деп танылған әріптесімізді атаулы жүлдесімен құттықтаймыз!

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<