Студенттер конференциясы

1076

0

«Болашақ» университетінің филология, журналистика кафедрасы жанындағы «Руханият» ғылыми-зерттеу орталығы бүгін «Әл Фараби – философ, ғалым, ақын, ғұлама» тақырыбындағы студенттер конференциясын ұйымдастырды. Шара Әбу Насыр әл Фарабидің 1150 жылдық мерейтойына арналды.

Ұйымдастырушылар әлемнің екінші ұстазының бай шығармашылық және ғылыми мұрасына студенттердің назарын аудару, ғылыми мұрасын зерттеуді басты мақсат ретінде қойған.

Конференция жұмысы кафедраның аға оқытушысы, филология ғылымдарының кандидаты Т.С.Медетбаевтың кіріспе сөзімен ашылды. Фарабитанушы ғалым «Әл Фараби – әлемнің екінші ұстазы, ұлы философ әрі ғалым» тақырыбында ой қозғады. «Қазақ тілі мен әдебиеті» мамандығының 4 курс студенттері Ұлжан Абсадикова «Әл-Фарабидің ақындығы», Аружан Әбдрахманова «Әл-Фарабидің музыкасы, оның зерттелуі», Замира Қарланбаева «Әл-Фараби – әдебиетші ғалым» тақырыптары бойынша баяндамаларын оқыды.

Студенттер конференциясын «Руханият» ғылыми-зерттеу орталығының жетекшісі, филология ғылымдарының кандидаты, доцент Ж.Нұрсұлтанқызы жүргізді.

Университеттің «Руханият» ғылыми-зерттеу орталығы

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<