1000-нан аса педагог екпе салдырды

490

0

Коронавирус қайта күшіне мінді. Оның үстіне көктемде адам бойын әлсіздік билейтін кезеңде вирустың кең таралатыны түсінікті. Қауіпті індеттің мутацияға ұшы­рауы да алаңдатып тұр.


Әсіресе, білім саласында еңбек ететін ұстаздар қауымы үшін оның маңызы зор. Кемел келешектің кілті – балалардың денсаулығын сақтауға тиіспіз. Қазір біз мектепке келетін балалардың ден­сау­лығына жете мән беріп, 5 сатыдан тұратын дезинфекциялық тексерудің толық­қанды іске асуын қадағалауда ұстаудамыз.

Сондай-ақ, қарым-қатынасты шектеу, бала­лардың үзіліс уақытында шоғыр­лануын болдырмау бағы­тындағы жұмыс нәтижелі. Бә­ріміз құлақ түріп, ел болып елеңдеп отырған вакциналау мәселесіне де байыппен қарау қажет. Ол ұжымдық иммунитет қалыптастырады, ал бұл жұқпалы аурудың таралуын бәсеңдетеді деп білемін.


Өңірде вакцинаның екінші кезеңінде 1261 педагог екпе салдырды. Оның ішінде аудандық, қалалық білім бөлімінің басшылары, директорлар мен педагогтар бар. Өзім де №3 қалалық емханада вакцина салдырдым. Дәрігерлер денсаулығымды бақы­лап, қан қысымымды өлшеп, дене қызуымды тексеріп барып, екпе екті. Білім беру ұйымдарын аралап, педагогтармен қарым-қатынас орнатып, балалармен кездесетіндіктен, вакцина сал­ды­рудың маңызы зор және одан қорқудың қажеті жоқ.


Сәт сайынғы статистика ін­дет­тің таралуы бәсеңси қойма­ғанын көрсетеді. Адам шығыны да аз емес. Өтпелі кезеңді өткеру, алқымнан алған індеттің жолын кесу және оның таралып кетуін неғұрлым азайту мақсатында біздің елде барлық шаралар қолданылуда. Осыны ескеруіміз керек, саулық – сақтықта!

Ақзира ҚАСЫМОВА,
облыстық білім басқармасының басшысы

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<