Денсаулық сақтау министрі індетпен күресудің 10 жолын айтты

678

0

Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой Мемлекет басшысына коронавируспен күресуге қатысты 10 ұсыныс жасады, – деп хабарлайды Egemen.kz тілшісі.

Жаңа министрдің халыққа тиімді деп отырған шаралары мынадай: 

– амбулаторлық деңгейде инфекцияны емдеудің қарапайым және түсінікті нұсқаулықтарын әзірлеу;

– дәрі-дәрмектерді жеткізу және сатып алу процедураларын жеделдету, отандық өндірушілерді ынталандыру;

– COVID-19 диагностикасында цифрлық рентген аппараттарын компьютерлік томографиямен бірге қолдану арқылы диагностиканың қол жетімділігін арттыру;

– сынақ зертханаларының мүмкіндіктерін кеңейту, тесттерді уақытында жеткізу;

– шақырту кезінде мобиль топтардың сынақ қоршауларын ұйымдастыруы;

– науқастарға үйінде ең қауіпсіз медициналық көмек көрсету;

– амбулаторлық деңгейде қашықтан кеңес беру;

– ауруханаларды жасанды тыныс беру аппаратымен жабдықтау;

– жерлеу тәртібін өзгерту;

– азаматтарға эпидемиологиялық ескертуді арттыру.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<