Коронавирустың кезекті толқыны басталып келеді

472

0

Грузияда коронавирустық инфекциямен сырқаттанушылық өсіп келеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

COVID-19 таралуына жол бермеу жөніндегі ведомствоаралық комиссияның мәліметінше, шілде айының басынан бастап мұнда күніне 600-800 жағдай тіркелуде, осыған ұқсас көрсеткіштер ақпан айында ковидтің кезекті толқыны кезінде болды. Науқастарды Республикалық жұқпалы аурулар клиникасы қабылдауда. Әзірге бос төсектер бар, бірақ осылай үрдіс жалғаса берсе, COVID бөлімшелерін қайта ашуға тура келеді.

Денсаулық сақтау министрі «Францияда коронавирустық инфекцияның сегізінші, соның салдарынан кейін тоғызыншы толқын басталуы мүмкін» – деп мәлімдеді.

Министр сондай-ақ жазғы демалыста жүрген өз азаматтарын (отандастарын) қоғамдық көліктерде бетперде режимін сақтауға шақырды.

Денсаулық сақтау министрлігі басшысының бұрын айтқан мәліметтеріне сәйкес, Францияда COVID-19-дың жетінші толқыны күшейіп келеді, жаңа жағдайлардың саны 200 мыңға жеткен. Ал, бұған дейін күн сайын 120 мың жаңа жағдай тіркелген еді.

Еуропалық комиссия жұма күні «Еуроодақтың төрт елі – Испания, Германия, Бельгия және Португалия – маймыл шешегі ауруына қарсы вакцина алды және жақын арада егу науқанын бастайды»- деп мәлімдеді.

Еуропалық Одақ сатып алған вакцинаның жалпы саны 13 600 дозадан асады. Испания маусым айының соңында вакцинаның алғашқы 5 300 дозасын алды. Оның артынша вакцинаның дәл сондай дозасы Германияға жеткізілді. Португалия – 2 700, ал Бельгия бар болғаны -340 дозаны алды.


 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<