«Қызыл аймақ»: бес күнде шектеу шаралары күшеймек

2174

0

Соңғы аптадағы көрсеткіш бойынша Қызылорда облысы эпидемиологиялық жағдайды бағалау матрицасына сәйкес бүгін, яғни 21 сәуірден бастап «қызыл» аймаққа ауысқанын бұған дейін хабарладық.

Облыстық санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің баспасөз қызметі осыған дейін COVID-19 инфекциясының 4890 дерегі есепке алынғанын мәлімдеп отыр. Жыл басынан бері 1498 жағдай анықталса, соның 846-сы сәуір айының 20 күнінде тіркелген.

Өткен тәулікте ауру жұқтырудың 47 жаңа жағдайы тіркелді.

Аймақтар кесімінде:

Қызылорда қаласы-22

Шиелі ауданы-1

Қазалы ауданы-9

Жаңақорған ауданы-7

Қармақшы ауданы-7,

Сырдария ауданы-1.

Еліміздің бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2021 жылғы 25 наурыздағы №12 қаулысына сәйкес шектеу шараларын қатаңдату эпидемиологиялық жағдай күрделенген жағдайда («сары» аймақтан «қызыл» аймаққа көшу) 5 күн ішінде жүргізіледі.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<