Тазалық сақшысы

879

1

Дәрігерлердің көзге көрінбейтін еңбегі коронавирус пандемиясы кезінде ерекше білінді. Эпидемиолог-дәрігерлердің, медбикелердің, жедел жәрдем мамандарының зор еңбектерінің арқасында вирустың таралу қарқыны ұдайы назарда болды. Күрес әлі де жалғасуда. Себебі қауіп толық сейілген жоқ.

Жалпы қоғамның ең басты құндылығы адам десек, мемлекеттің өзекті мәселенің бірі – азаматтардың денсаулығын сақтау екені белгілі. Бұл орайда ақ желеңді абзал жандарға артылатын жауапкершілік жүгі ауыр.

 Қазіргі кезде бір мүдде мен бір мақсатты көздеген жандар жұдырықтай жұмылып, қауіпті індетпен күресті жалғастыруда. №3 қалалық емханада бұл тұрғыда ақпараттық-түсіндірме жұмыстары үздіксіз жүргізілуде. Тұрғындар денсаулығын қадағалау мен ғимарат ішіндегі тазалықты сақтау   эпидемиолог мамандардың жіті назарында. Осы жұмыстың бел ортасында жүрген емханадағы эпидемиолог көмекшісі Әділбек Тілеуқабыл өз ісінің білікті маманы. Қызылорда облысы Қазалы ауданының тумасы Әділбек 2012 жылдан бері емханада қызмет етіп келеді. Түрлі семинарлар мен аурудың алдын алу тұрғысында насихат шараларын ұдайы жүргізіп отырады. Мамандар арасында сабақтар ұйымдастыру да оның көп қызметтік міндетінің бірі. Медицина қызметкерлерінің жеке бас гигиенасы мен емхана айналасының  мұнтаздай таза болуын қадағалайтын Әділбекті тазалық сақшысы десе жарасады.

Барлыбек БАТЫР.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<