Елена Рыбакина Олимпиаданың жартылай финалында жеңіліп қалды

536

0

Теннисші Елена Рыбакина Токио Олимпиадасының жартылай финалына тізе бүкті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Олимпиаданың жартылай финалында Рыбакина әлемдік рейтингте 12-ші орында тұрған швейцариялық Белинда Бенчичпен кездескен болатын. Тартысты кездесу 2 сағат 44 минутқа созылып, Бенчич 7:6, 4:6, 6:3 есебімен жеңіске жетті.

Ендігі кезекте Елена Рыбакина Олимпиаданың қола жүлдесіне таласады. Оның қарсыласы Элина Свитолина (Украина) және Маркета Вандорушова (Чехия) арасындағы матчтан соң анықталады.



 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<