Облыс әкімі спорт алаңын көрді

676

0

Сапар барысында Нұрлыбек Нәлібаев Аралқұм ауылдық округі, Шөміш елді мекеніндегі «Латон-Маркет» ЖШС-ның демеушілігімен салынған әмбебап кіші спорт алаңын көріп, ауыл тұрғындарымен кездесті.

“Балаларға тарту ретінде өңірде парктер, скверлер салынуда. Жақында ғана Жаңақорғанда меценат 750 млн.теңгеге парк салу ісіне белсене кірісті. Ал, демеушілердің қолдауымен қалада 50, аудандарда 30 балалар алаңы бой көтереді. Тағы бір жанашыр азамат 1.5 млрд.теңгеге “Анаға тағзым” алаңын салып беруге ниет білдірді. Міне, осындай шағын алаңдарды балалардың игілігі үшін табыстау үлкен игілікті іс деп санаймыз”деді Н.Нәлібаев.

Спорт алаңында 12 жас бір мезетте ойнай алады. Аумағы 800 шаршы метрді құрайтын теміртормен қапталған алаңда 6 жарықшам қойылып, газон төселген.

Спорт алаңына келген жастар облыс әкімімен тілдесті.

Қызылорда облысы әкімінің баспасөз қызметі

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<