ТОКИО-2020: Боксшы Надежда Рябец бірінші кездесуінде ұтылып қалды

344

0

Токио Олимпиадасында әйелдер боксынан Қазақстан намысын қорғаған Надежда Рябец бірінші кездесуден соң жарысты аяқтады, деп хабарлайды Қазақпарат

75 келіден жоғары салмақта сынға түскен Рябец әлем чемпионатының қола жүлдегері, канадалық Тамара Тибомен жұдырықтасқан болатын. Кездесуде төрешілер 4:1 есебімен жеңісті канадалық спортшыға берді. Айта кетелік, әйелдер боксынан Токио Олимпиадасына тек қана Надежда Рябец жолдама алған болатын.


 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<