Кәсіпкерлерге қолайлы орта

958

0

Облыс әкімі Гүлшара Әбдіқалықова «Бизнеске арналған Үкімет» кеңсесінің жұмысымен танысты.

Өңір кәсіпкерлеріне «бір терезе» қағидатымен қызметтер көрсету мақсатында кәсіпкерлік саласындағы бірқатар мекемелер орталықтандырылып, «Бизнеске арналған Үкімет» кеңсесіне шоғырландырылған. Бұл жөнінде облыстық кәсіпкерлік және туризм басқармасының басшысы Фердоуси Қожабергенов аймақ басшысын кеңсе жұмысымен таныстыру барысында мәлімдеді.

«Бизнеске арналған Үкімет» кеңсесінің жұмысымен таныстыру алдымен «Атамекен» өңірлік кәсіпкерлер палатасының жанынан ашылған Кәсіпкерлерге қызмет көрсету орталығынан басталды. Орталықтың негізгі қызметі туралы палата директоры Ғалымбек Жақсылықов айтып берді.

Одан кейін аймақ басшысына «Бизнеске арналған Үкімет» платформасының жұмысы баян­далды. Айта кету қажет, «Бизнеске арналған Үкімет» платформасы – бизнеске барынша қолайлы жағдай жасау бағытында Мемлекет басшысының ағымдағы жылдың

24 қаңтарындағы Үкіметтің кеңейтілген отырысында берген тапсырмасы аясында іске асырылды.

Мекеме директоры Батыржан Аймағамбетов бүгінге дейін Платформа аясында өңір кә­сіпкерлері мен инвесторларға 31 мыңға жуық қызметтер көр­сетілгендігін атап өтті.

Одан әрі облыс әкімі «Биз­неске арналған Үкімет» ғима­ратында орналасқан облыстық кәсіп­керлік және туризм басқар­масы, «Қызылорда» Өңірлік инвес­тициялық орталығы», сондай-ақ «Халық банкі» және «ВТБ банкі» Қызылорда филиалы және «Азаматтарға арналған Үкімет» мекемесінің жұмыстарымен та­нысты.

Таныстырылым соңында облыс әкімі сала басшыларына қиын кезеңде кәсіпкерлерге барынша қолдау көрсетілу керек екенін атап өтіп, «Бизнеске арналған Үкімет» кеңсесінің жұмысын тиімді ұйымдастыруды тапсырды.

«СБ» ақпарат

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<