ЖАЙЫЛЫМ ЖҮДЕСЕ, ШАРУА КҮЙЗЕЛЕДІ немесе мал азығына мән бермесе болмас

1044

0

Кейінгі жылдары облыстың шөлейт жерлеріндегі (Қара­құм, Қызылқұм, Бетбақ даланың Сарысу алқабы, Арал теңізі аймағы және Қаратау сілемдерінің етегі) табиғи мал жайылымдарын бей-берекет, жүйесіз пайдалану жағдайлары кең етек алғаны жасырын емес.


Сыр елі ежелден күріш өсіруге әбден маманданған, соған байланысты өңірдің негізгі малазықтық жем-шөп базасы да осы дақылдың ауыспалы егіс технологиясына не­гізделіп, сүрлемдік жүгері, жо­ңышқа, түйежоңышқа ғана егіліп келеді. Бұл дақылдардың өнім көлемі қолда бар мал басын жем-шөппен толық қамтамасыз ете алмай тұрғаны рас. Бір жағынан жылдан-жылға Сырдария өзенімен келетін судың жетіспеушілігінен аймақтағы күріш алқаптарын жүйелеп, оның орнына суды аз пайдаланатын арпа, сұлы, бидай, мақсары, соя, дәндік және сүрлемдік жүгері, қант құмайы, майбұршақ, малазықтық асқабақ пен қызылша егу жем-шөп қорының базасын жасауда ұтымды технологиялық шешім болар еді.


Аймақтағы табиғи мал жайылымдары мен шабындықтардың малазықтық өнімділіктерін, сапа­лық көрсеткіштерін көтерудің, жақсартудың бірден-бір жолы – осы жерлердің бедерін, топырақтың құнарлылық дәрежесін анықтап, біздің шөлейтті өлкеміздің экосис­темасына мейлінше бейімделген бидайық, беде, изен, бетеге, қоңырбас, арпабас, қияқ сияқты көп­жылдық шөп дәндерін үсте­мелеп егу жұмыстарын орындау қажет. Әрине, осы малазықтық шөп дәндері егілген жерлер 1-2 жыл, яғни олар өсіп-пісіп, өз дәндерін жерге төккенше біршама күтімді қажет етеді, ал, терең тамырлап, өзін-өзі көбейту дәрежесіне жеткен соң олардың жылдар бойы шығымдылығы гектарына ­7,8-10,2ц болатынына сөз жоқ. Мұндай жағдайда жайылымдағы өскін шөптің шығымдылығын, құ­нар­лығын арттырып, мал жайылымы айналымы мен жүктемесі жасалып, оны ұзақ жылдар бойы тиімді пайдалануға, құнарлы жем-шөп қорын жасауға мүмкіндік берер еді.
Тегінде, қандай да бір шөптің, жемнің құндылығы, малға құнар­лығы, азықтық өлшем бірлігімен бағаланады. Қазақ күріш шаруа­шы­лығы ҒЗИ Қарауылтөбе тәжірибе шаруашылығында агро­те­х­никалық талаптарға сәйкес тұқымнан егіліп, өсіп-өндіріл­ген арпа, сұлы, жүгері, бидай, мақ­сары, соя және жоңышқа мен түйежоңышқаның азықтық өлшем бірліктері анықталып, ауыл­­­шар­уа­шылық малының жасы мен жынысына және тірілей мас­саларына орай рациондар құры­лып, өндіріске ұсынылған болатын. Өкініштісі сол, облыстағы «РЗА», «Сыр Маржаны» және бірнеше мал шаруашылықтары болмаса, көптеген шаруа қожа­лық­тары малды азықтандыру мен бордақылауда жем-шөптің азықтық өлшем бірліктеріне орай жасалған рациондарды қолданбайды. Со­ның нәтижесінде шаруа мал басын азықтандыруға қанша шығын жұмсап, қандай пайда алғанын сол баяғы шерімбет шамамен ғана анықтап келеді. Бір сөзбен айтқанда, олар әлі де болса ескі әдетпен «мал басы бар, аман, соған да шүкір» деген түсініктен арыла алмай, малдың тұқымын асылдандырып, жаңа технологияларды, озық тәжірибелерді пайдалануға енжарлық танытуда. Ал, облыс асылтұқымды мал сатып алуға, жем-шөп базасын жақсартуға, құдық, ұңғыма қазуға және өн­ді­рілген өнімге проценті аз (4-6%) кредит, қомақты субсидиялармен жылма-жыл қаржылай көмек беруде. Қой мен сиыр етін экспорттауға да үлкен мүмкіндік туғызып отыр. Мемлекеттің фермерлеріне деген бұндай қолдаулар, шынын айту керек, көптеген елдерде жоқ.

Біз облыстың ет өндіруші фермерлеріне бір ғана бизнестің көзін ашып көрсетейік: кейінгі жылдары халық­аралық эксперттердің ба­ғам­дары бойынша (ФАО, ЮНЕП) Қытай, Иран, Түркия, Индия, Пәкістан, Араб әмірліктері Қазақстанда өндірілген қой, сиыр етіне деген сұраныстарын арттырып отыр. Осы елдерде бір келі сиыр еті біздің валютамен есептегенде 3500-4100 теңге, ал, ішкі нарықта ол 1500-1600 теңге шамасында.
Институт ғалымдары аймақтың шөлейтті жерлердегі табиғи мал жайылымдарын тиімді пайдаланып, өңірдің континенталдық климатына бейімделген өнімді мал өсіріп, өзіндік құны төмен, сапалы сиыр етін өндірудің ғылыми негізделген мүмкіндіктерін өндіріске енгізу шараларын ұсынып отыр.

Осындай мал тұқымының бірі – етті ірі қараның қалмақ тұқымы. Сібір, Моңғолия, Алтай өңірлерінің қатал климаттық ортасында табиғи сұрыпталып қалыптасқан бұл тұқым өзінің ыстық-суыққа аса төзім­ділі­гімен, төлшеңдігімен және өсім­­­талдығымен ерекшеленеді. Жаңа туған бұзаулары 22-25, бұқа­лары 800-850, сиырлары 450-480 келі тартады. Әрбір қалмақ тұқымының 100 сиырынан 88-92 бұзау алу қалыпты жағдай болып есептеледі. Сиырларының аналық сезімдері өте жоғары (4-5 бас сиыр ен далада бұзауларын қасқырларға талатпайды). Осы қалмақ тұқымы ірі қарасының бізге пайдалы тағы бір ерекшелігі – жыл бойы кез келген жайылымда шөп таңдамай өз азығын тауып жеп, қыстан шыға тез ет алып, қоңдануы.

Осы тұқымның 18 айлық бұқашықтарының тірілей орташа салмағы 455-460, сойғанда барлығы 235-245 келі (60%), оның ішінде 68-72 келісі (27-30%) мрамор суретіндегі аса сапалы, құнды ет береді. Ал, қазір Еуропада өте сапалы сиыр етінің бір келісі 850-900 еуроға бағаланып тұр.


Сыр елі ежелден күріш өсіруге әбден маманданған, соған байланысты өңірдің негізгі малазықтық жем-шөп базасы да осы дақылдың ауыспалы егіс технологиясына не­гізделіп, сүрлемдік жүгері, жо­ңышқа, түйежоңышқа ғана егіліп келеді. Бұл дақылдардың өнім көлемі қолда бар мал басын жем-шөппен толық қамтамасыз ете алмай тұрғаны рас. Бір жағынан жылдан-жылға Сырдария өзенімен келетін судың жетіспеушілігінен аймақтағы күріш алқаптарын жүйелеп, оның орнына суды аз пайдаланатын арпа, сұлы, бидай, мақсары, соя, дәндік және сүрлемдік жүгері, қант құмайы, майбұршақ, малазықтық асқабақ пен қызылша егу жем-шөп қорының базасын жасауда ұтымды технологиялық шешім болар еді.


Аймақтағы табиғи мал жайылымдары мен шабындықтардың малазықтық өнімділіктерін, сапа­лық көрсеткіштерін көтерудің, жақсартудың бірден-бір жолы – осы жерлердің бедерін, топырақтың құнарлылық дәрежесін анықтап, біздің шөлейтті өлкеміздің экосис­темасына мейлінше бейімделген бидайық, беде, изен, бетеге, қоңырбас, арпабас, қияқ сияқты көп­жылдық шөп дәндерін үсте­мелеп егу жұмыстарын орындау қажет. Әрине, осы малазықтық шөп дәндері егілген жерлер 1-2 жыл, яғни олар өсіп-пісіп, өз дәндерін жерге төккенше біршама күтімді қажет етеді, ал, терең тамырлап, өзін-өзі көбейту дәрежесіне жеткен соң олардың жылдар бойы шығымдылығы гектарына ­7,8-10,2ц болатынына сөз жоқ. Мұндай жағдайда жайылымдағы өскін шөптің шығымдылығын, құ­нар­лығын арттырып, мал жайылымы айналымы мен жүктемесі жасалып, оны ұзақ жылдар бойы тиімді пайдалануға, құнарлы жем-шөп қорын жасауға мүмкіндік берер еді.
Тегінде, қандай да бір шөптің, жемнің құндылығы, малға құнар­лығы, азықтық өлшем бірлігімен бағаланады. Қазақ күріш шаруа­шы­лығы ҒЗИ Қарауылтөбе тәжірибе шаруашылығында агро­те­х­никалық талаптарға сәйкес тұқымнан егіліп, өсіп-өндіріл­ген арпа, сұлы, жүгері, бидай, мақ­сары, соя және жоңышқа мен түйежоңышқаның азықтық өлшем бірліктері анықталып, ауыл­­­шар­уа­шылық малының жасы мен жынысына және тірілей мас­саларына орай рациондар құры­лып, өндіріске ұсынылған болатын. Өкініштісі сол, облыстағы «РЗА», «Сыр Маржаны» және бірнеше мал шаруашылықтары болмаса, көптеген шаруа қожа­лық­тары малды азықтандыру мен бордақылауда жем-шөптің азықтық өлшем бірліктеріне орай жасалған рациондарды қолданбайды.

Со­ның нәтижесінде шаруа мал басын азықтандыруға қанша шығын жұмсап, қандай пайда алғанын сол баяғы шерімбет шамамен ғана анықтап келеді. Бір сөзбен айтқанда, олар әлі де болса ескі әдетпен «мал басы бар, аман, соған да шүкір» деген түсініктен арыла алмай, малдың тұқымын асылдандырып, жаңа технологияларды, озық тәжірибелерді пайдалануға енжарлық танытуда. Ал, облыс асылтұқымды мал сатып алуға, жем-шөп базасын жақсартуға, құдық, ұңғыма қазуға және өн­ді­рілген өнімге проценті аз (4-6%) кредит, қомақты субсидиялармен жылма-жыл қаржылай көмек беруде.

Қой мен сиыр етін экспорттауға да үлкен мүмкіндік туғызып отыр. Мемлекеттің фермерлеріне деген бұндай қолдаулар, шынын айту керек, көптеген елдерде жоқ. Біз облыстың ет өндіруші фермерлеріне бір ғана бизнестің көзін ашып көрсетейік: кейінгі жылдары халық­аралық эксперттердің ба­ғам­дары бойынша (ФАО, ЮНЕП) Қытай, Иран, Түркия, Индия, Пәкістан, Араб әмірліктері Қазақстанда өндірілген қой, сиыр етіне деген сұраныстарын арттырып отыр.

Осы елдерде бір келі сиыр еті біздің валютамен есептегенде 3500-4100 теңге, ал, ішкі нарықта ол 1500-1600 теңге шамасында.


Институт ғалымдары аймақтың шөлейтті жерлердегі табиғи мал жайылымдарын тиімді пайдаланып, өңірдің континенталдық климатына бейімделген өнімді мал өсіріп, өзіндік құны төмен, сапалы сиыр етін өндірудің ғылыми негізделген мүмкіндіктерін өндіріске енгізу шараларын ұсынып отыр. Осындай мал тұқымының бірі – етті ірі қараның қалмақ тұқымы. Сібір, Моңғолия, Алтай өңірлерінің қатал климаттық ортасында табиғи сұрыпталып қалыптасқан бұл тұқым өзінің ыстық-суыққа аса төзім­ділі­гімен, төлшеңдігімен және өсім­­­талдығымен ерекшеленеді. Жаңа туған бұзаулары 22-25, бұқа­лары 800-850, сиырлары 450-480 келі тартады. Әрбір қалмақ тұқымының 100 сиырынан 88-92 бұзау алу қалыпты жағдай болып есептеледі. Сиырларының аналық сезімдері өте жоғары (4-5 бас сиыр ен далада бұзауларын қасқырларға талатпайды). Осы қалмақ тұқымы ірі қарасының бізге пайдалы тағы бір ерекшелігі – жыл бойы кез келген жайылымда шөп таңдамай өз азығын тауып жеп, қыстан шыға тез ет алып, қоңдануы.

Осы тұқымның 18 айлық бұқашықтарының тірілей орташа салмағы 455-460, сойғанда барлығы 235-245 келі (60%), оның ішінде 68-72 келісі (27-30%) мрамор суретіндегі аса сапалы, құнды ет береді. Ал, қазір Еуропада өте сапалы сиыр етінің бір келісі 850-900 еуроға бағаланып тұр.

Өткен ғасырдың отызыншы – елуінші жылдары Ресейдің Орынбор, Қазақстанның Орал облыстарында сыртқы ортаның қолайсыз жағдайларына аса төзімді, денесі шымыр қалмақ тұқымды сиырларын салмақты, етті ағылшынның герефорд бұқаларымен шағылыстыру арқылы ақбас тұқымы алынды. Ата-енелерінен төзімділік, еттілік қасиеттерін мейлінше сіңірген бұл тұқымның бұзаулары тәулігіне 950-1100 гр салмақ қосып, тез өсіп-жетіледі. 18 айлық бұқашықтарының салмағы 510-530, бұқалары 870-900, сиырлары 530-550 келі тартады. Сойғанда ет шығымы денесінің 62-65% құрайды, етінің 28-30% мрамор суретінде.

Ет бағытындағы ірі қараның бұл тұқымы Қазақстан мен Ресейде кең тараған, біздің елдің бренді. Солай бола тұрса да елге сырттан әкелінген ірі қараның бұл тұқымы облыстағы мал мамандары мен институт ғалымдарының тұжырымдарына қарағанда ай­мақ­тың континенталдық климатына, әсіресе жаз айларының құрғақ, аптап ыстығына соншалықты шыдамды болмай шықты. Ұзаққа созылған ыстықта олар 30-40% салмағын жоғалтып, күзде ойдағыдай қайта қоңдана алмай қалады. Ал, қыста жем-шөппен қолда бағыла­тын­дық­тан, бұл малдың етінің өзіндік құны жоғарырақ. Дегенмен, қазақтың ақбас тұқымының осы жерде туған ұрпақтары жергілікті ортаға жақсы бейімделіп келеді. Сондықтан осы құнды мал басын өз төлі есебінен көбейту жұмыстарын үздіксіз жүргізу қажет.
Біздің аймақтың ауа райына, табиғи жайылымдарына бейімделген қазақтың қылшықты, Қаракөл ордабасы және Атырау қой тұқымдарын бағып, өз төлдерінен көбейту тиімді бола бермек. Қой етінің экспортталуы – облыс фермерлеріне тиімді бизнес көзі саналады.

Кейінгі жылдардағы Иран, Түркия, Пәкістан мемлекеттерінің қозы етіне деген сұранысын аймақтағы қой санын 1,5-2 есеге көбейтіп, аталған елдерге экспорттауға мүмкіндік мол. Ол үшін селекциялық жұмыстарды үнемі, үзбей жүргізу қажет. Мысалы, аймақта жергілікті саулықтарды салмақты, еттілігі мол Гиссар қош­қарларымен будандастыру тиім­ділік берер еді.


Жалпы, мал шаруашылығы сала­сындағы фермерлер барлық шығын мен түскен табыс көріністерін салыстыра есептеу арқылы шаруа­шылықтың мүмкіндігін анықтай алады. Нәтижесінде, фермер өнім өндірудің технологиялық тізбегінде өзінің ұтқан не ұтылған тұстарын сараптап, алдағы уақытқа болжам жасайды.


Қысқасы, мал шаруашылығын одан әрі дамытып, сапалы өнім өндіруде құрылымдармен әріптестік негізде институт ғалымдарымен ғылыми-өндірістік орталық ашу талабы туындап отыр. Ондағы мақсат – жергілікті жердің ерекшеліктеріне бейімделген төрт түлік мал басын асылдандыру, тұқымдық және репродукторлық өнімді табын­дар мен отарларды өз төлі есебінен көбейтіп, өзіндік құны төмен, бә­секеге қабілетті ет өндіру.

Өндіріс пен ғылымды ұштастыратын мұндай орталықтар (бірлестіктер, серік­тестіктер) республикамыздың бір­қатар облыстарында нәтижелі жұмыс атқарып келе жатқаны бізге үлгі. Ал, түптеп келгенде мұндай мүмкіндіктерді жүзеге асыру үшін табиғи жайылымдардың жағдайын түземей іс оңалады деу қиын. Осы мақсатқа жұмыла түссек игі.

Мухиядин Ділімбетов,
ауыл шаруашылығы ғылымдарының кандидаты,
Серік Кенжебаев,
ветеринария
ғылымдарының кандидаты,
Гүлсім Бәйімбетова,
ауыл шаруашылығы ғылымдарының магистрі

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<