Алматы көшесінде жүрген иесіз піл тұрғындарды шошытты (видео)

384

0

Алматы көшелерін еркін аралап жүрген піл елдің үрейін ұшырды. Үстінде жабуы бар жануар жол бойындағы бірнеше көлікті де қиратып үлгерген деп хабарлайды NUR.KZ.

Алып жануарды көрген тұрғындар абдырап қалған. Ал кейбіреуі оны видеоға түсіріп алыпты.

Пілдің үстінде жабуы болғандықтан көпшілік оны жарнама орталығынан немесе цирктен қашып кетті деп жобалаған.

Сондай-ақ қала тұрғындары көлік ішінен аман шыққан көлік иелерінің жағдайын сұрап, майысқан темір тұлпарларға таңданыспен қарады.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<