Қызылордадағы бірқатар орында egov.kz бұрыштары ашылды

1257

0

Қызылорда қаласындағы бірнеше нысанда egov.kz бұрыштары немесе өз-өзіне қызмет көрсету секторлары ашылды, – деп хабарлады «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» КЕ АҚ облыстық филиалынан.

Олар мына орындарда орналасқан:

  • Қалаға қарасты ауылдық округ әкімдіктерінің;
  • – Ә.Тәжібаев атындағы облыстық кітапхананың;
  • – облыстық жастар ресурстық орталығының;
  • – «Бақытты отбасы» орталығының;
  • – автосалондардың;
  • – «Энергосервис» мекемесінің;
  • – пәтер иелері кооперативтерінің;
  • – Тұрғын үй құрылыс жинақ банкінің ғимараттары.

Тұрғындар онлайн қызмет түрлерін egov.kz электронды үкімет порталы арқылы ала алады. Алғашқы бір күнде аталған сектор көмегін 100-ден астам тұрғын пайдаланып үлгерді.

– Бұл азаматтардың халыққа қызмет көрсету орталықтары ашылғанға дейін қызмет алуы үшін ұйымдастырылды. Олар мұнда электронды цифрлы қолтаңба арқылы немесе мобильді азаматтар базасында тіркелген жағдайда түрлі анықтама мен электронды қызмет ала алады, – дейді филиал директоры Айдын Қайруллаев.

Карантиндік шектеулерге байланысты халыққа қызмет көрсету орталықтары 18 мамырдан бастап жаңа форматта жұмысын бастайды. Қағаз түріндегі қызметтер алдын ала брондау арқылы көрсетіледі. Электронды, яғни egov.kz порталындағы қолжетімді онлайн қызмет түрлері көрсетілмейді.

Сб-ақпарат.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<