«Әйелін психиатриялық ауруханаға жіберген». Нұр-Сұлтанда келіншек өлі табылды

936

0

Нұр-Сұлтанда күйеуінен дене жарақатын алып, оның кәмелетке толмаған балаларды алып кеткенін мәлімдеген 29 жастағы келіншек биіктен құлап, мерт болған, – деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Бұл оқиға 10 желтоқсанға қараған түні сағат 2.50-де болған.

Нұр-Сұлтан қаласы полиция департаментінің баспасөз қызметінің мәліметінше, 2020 жылдың 10 желтоқсанында сағат 02.50-де «102» нөміріне тұрғын үй кешендерінің бірінен әйелдің денесі табылғаны туралы хабарлама келіп түскен.

«Оқиға орнына жедел-тергеу тобы шықты, суицид фактісі расталды. Кіреберістің қабаттарын аралау кезінде 11-техникалық қабатта, парапеттен іздер табылды – алдын ала мәлімет бойынша, ол сол жақтан секірген», – деді полициядағылар.

Сондай-ақ, ведомство мәліметінше, қайтыс болған адамның ешкімді кінәламайтыны жазылған жазба табылған.

«Алматы» аудандық полиция басқармасы Қылмыстық кодекстің 105-бабы («Өз-өзіне қол жұмсауға жеткізу») бойынша сотқа дейінгі тергеуді бастады, сараптамалар тағайындалды және барлық қажет тергеу әрекеті жүргізіліп жатыр», – деді полициядағылар.

Айта кетейік, бұл оқиға туралы мәлімет әлеуметтік желіде пайда болды. 29 жастағы келіншек 4 жыл бұрын тұрмысқа шығып, екі бала туған. Алайда отбасында мәселе туып, астаналық келіншек күйеуімен ажыраспақ болған.
Жәбірленушінің әпкесі Гүлбану Құлжағарованың айтуынша, ер адам ажырасуға қарсы болған және әйелін психиатриялық ауруханаға апарып, ұлы мен қызын тартып алатынын айтып, қоқан лоқы жасаған. 

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<