Әлеуметтік жарнаманы қалыптастыру бойынша конкурс ұйымдастырылады

428

0

Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі міндетті теле-радиоарналарда әлеуметтік жарнаманы қалыптастыру бойынша конкурс өткізеді, деп хабарлайды Egemen.kz.

Міндетті теле-радиоарналарда әлеуметтік жарнаманы қалыптастыру бойынша конкурстық өтінімдер мен қосымша берілетін құжаттар тізбесінің қабылдануы 2021 жылғы 6 ақпан 13:00-ге дейін Нұр-Сұлтан қ., Мәңгілік Ел к., 8, Министрліктер үйі, 15-кіреберіс, Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің кеңсесі мекенжайы бойынша жүргізіледі.

Хабарландыруда көрсетілген өтінімдерді қабылдау мерзімі аяқталғаннан соң келіп түскен өтінімдер Комиссияның келесі отырысына ауыстырылады.

Комиссияның қаралымы 2021 жылы 26 ақпанда Нұр-Сұлтан қ., Мәңгілік Ел к., 8, Министрліктер үйі, 15-кіреберіс, 739 кабинет мекенжайы бойынша өтеді.

Тапсырысқа қатысу үшін өтінімді Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрінің 2019 жылғы 14 мамырдағы № 108 бұйрығымен бекітілген міндетті теле-, радиоарналарда әлеуметтік жарнаманы қалыптастыру және орналастыру қағидаларының (бұдан әрі – Қағида) 2-қосымшасына сәйкес уақтылы беру қажет.

Сонымен бірге, әлеуметтік жарнама ролигіне қойылатын техникалық параметрлер Қағиданың 1-қосымшасында көрсетілген талаптарға сәйкес болуы қажет.

Талаптармен келесі сілтеме бойынша танысуға болады: http://adilet.zan.kz/kaz/docs/V1900018680

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<