Түркияда ауруханада шыққан өрт 8 адамның өмірін қиды

664

0

Түркияда сегіз адам ауруханада оттегі аппаратының бұзылуынан шыққан өрттің құрбаны болды. Қайғылы оқиға елдің оңтүстігіндегі Газиантеп қаласында орын алған, деп хабарлайды ҚазАқпарат Aнадолы агенттігіне сілтеме жасап.

Газиантеп университеті ауруханасының коронавируспен ауыратын науқастарға арналған реанимация бөлімінде өрт шыққан. COVID-14-тен емделіп жатқан аурухананың тағы 19 пациенті басқа медицина мекемелеріне ауыстырылды. Оқиға орнында өрт сөндірушілер жұмыс істеп жатыр, полиция келеңсіз жайға қатысты тергеу жүргізуде.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<