Балабақша пайдалануға берілді

91

0

Қызылорда қаласына қарасты Ақсуат ауылдық округі Ж.Махамбетов ауылында 120 орындық «Асыл-ай» балабақшасы ел игілігіне берілді.

Бүгінде Ақсуат ауылдық округінде 7 балабақша болса, оның 5-і – жеке, 2-і – мемлекеттік.

– Бұрынғы ғимарат 1983-1994 жылдар аралығында балабақша болып, 1997 жылы Ж.Маханбетов ауылдық әкімшілігі теңгеріміне берілді. 2013 жылдан бастап  ғимарат пайдаланылмай бос тұрған. 2019 жылы  балабақшаның  күрделі жөндеу жұмыстарына облыстық бюджеттен  қаржы бөлініп, мемлекеттік сатып алу заңына сәйкес, жеңімпаз мердігер мекеме күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізді. Енді ауылдықтар үшін барлық жағдайы жасалған жаңа балабақша жұмысын бастады, – деді қала әкімінің орынбасары Асқарбек Есжанов.

Айта кетейік, өткен жылы «Ауыл – ел бесігі» жобасы аясында Ақсуаттағы №143 мектепке күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілді.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз