Маңғыстаулық жігіт әйелімен ажырасқан соң қалыңмалын қайтаруды талап етті

465

0

Маңғыстау облысында екі жыл некеде болған ер адам ажырасуға арыз беріп, әйелі мен оның туыстарынан қалыңмалды қайтаруды талап етті. Бұл іс бойынша үкімді облыс сотының баспасөз қызметі жариялады, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі Lada.kz. порталына сілтеме жасап. 

Облыс сотының баспасөз қызметінің ақпаратынша, арызданушы бұрынғы қалыңдығы мен оның ата-анасынан 800 000 теңгені, гауһартастармен көмкерілген алтын бұйымдарды, екі кілем мен қалыңмал ретінде берілген 1 615 000 теңгені өндіру туралы талап арызбен сотқа жүгінген.  

Дегенмен ол жауапкерлердің мүліктік зиян келтіргені немесе қандай да бір міндеттеме алғаны туралы дәлел ұсынбаған.

«Қазақтың салт-дәстүрі бойынша жастар некеге тұрғанда олардың ата-анасы арасында ескі әдет-ғұрыптар жасалады, ал берілген заттарды қайтару талабы қолданыстағы заңнамамен реттелмеген, яғни тараптар арасында ерікті түрде берілген дүние-мүлікті қайтарып алуға қатысты ешқандай міндеттеме жоқ», – деп түсіндірді сот.

Сот ер адамның талап арызын қанағаттандырудан бас тартты. 

Дегенмен ол апелляцияға шағым түсіріп, сотқа берілген талап-арыз бойынша жаңа шешім шығаруды, куәларды шақырып, олардан жауап алуды сұрады.

Сот алқасы апелляциялық шағымды қанағаттандырмады, сот шешімі өзгеріссіз қалды.

Бұл іс бойынша үкімді 1 қарашада Маңғыстау облысы сотының баспасөз қызметі жариялады.

https://www.inform.kz/kz

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<