Қазақстанда 1 қарашадан бастап не өзгереді

158

0

Оқушылардың күзгі каникулы, ақылы жолдар, қайта вакцина салу, бес мыңның пәтеріне өтінім қабылдау – осы және өзге де өзгерістер туралы толығырақ Sputnik Қазақстан шолуынан оқыңыз

 Қазақстанда күздің үшінші айы жаңашылдықтарға толы болмақ. Бүгіннен бастап мектеп оқушылары күзгі демалысқа шықты, бірқатар тас жол енді ақылы, ал денсаулық министрлігі ревакцинация науқанын бастауды көздеп отыр. Толығырақ Sputnik Қазақстан материалынан оқыңыз.

Қайта вакциналау науқаны

Денсаулық сақтау министрлігі қараша айының үшінші онкүндігінен халықты ревакцинациялауды жоспарлап отыр. Қайта вакциналау кезінде адамдарға вакцинаның тек бір дозасы егіледі.

«Коронавирусқа қарсы вакциналаудың толық курсы аяқталғаннан кейін 6-9 айдан соң қосымша доза салдыру ұсынылады», – деген еді денсаулық министрі Алексей Цой.

Спутник V вакцинасын салдырғандар 9 айдан кейін инактивтелген Sinopharm, CoronaVac, Hayat-Vax, QazCovid-in немесе Pfizer вакцинасын ала алады.

Ал, керісінше, Sinopharm, CoronaVac, Hayat-Vax, QazCovid-in вакцинасы егілгендерге 6 айдан соң векторлық Спутник V немесе м-РНК-вакцина (Pfizer) салынады.

Оқи отырыңыз: Вакцинаны қайта салу кезінде нені ескеру керек

Pfizer салғызғандарға алты айдан кейін инактивтелген Sinopharm, CoronaVac, Hayat-Vax, QazCovid-in немесе векторлық Спутник вакцинасын қайта салу ұсынылады.

Ақылы жолдар

1 қарашадан бастап Қазақстанда автокөлік жолдарының жеті учаскесі ақылы болады.

Олар:

  • Нұр-Султан – Павлодар,
  • Шымкент – Өзбекстан шекарасы (Ташкентке қарай),
  • Щучье – Көкшетау,
  • Қапшағай –  Талдықорған,
  • Шымкент – Тараз,
  • Тараз –  Қайнар,
  • Шымкент – Қызылорда.

Бұл учаскелердің тарифі қазіргі ақылы жолдардың бағасымен бірдей болады. Жолақы құны автокөлік түрі мен бағдар ұзақтығына байланысты.

Мысалы Нұр-Сұлтан-Павлодар тас жолымен жүретін жеңіл автокөліктер 380 теңге төлесе, автобустар үшін жол ақы 1 870 теңгеден 5 610 теңгеге дейін. Ал жүк көліктері үшін 1 870 теңгеден 9 380 теңгеге дейінгі аралықта болады.

Жол ақысын интернет-банкинг, төлем терминалдары, сондай-ақ SMS арқылы төлеуге болады.

Оқушыларда каникул басталды

Қазақстан мектептерінде бірінші тоқсан аяқталды. Оқушылар бірінші қарашадан күзгі демалысқа шықты. Каникул тура бір аптаға созылады. Дүйсенбі, 8 қарашада балалар мектепке қайта оралады.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз