Газада дәрігерлер қайтыс болған ананың құрсағындағы сәбиді аман алып қалды

130

0

Фото: Анадолы

Израильдің Газа секторының оңтүстігіндегі Рафах қаласына жасаған соққысынан жүкті палестиналық әйел қаза тапты, деп жазады Анадолы.

Кувейт ауруханасы дәрігерлері сәбидің өмірін сақтап қалды. Бұл туралы Anadolu агенттігінің тілшісіне жергілікті денсаулық сақтау органдарындағы ақпарат көздері хабарлады.

Әлеуметтік желілерде дәрігерлердің баланы реанимациялау процедураларын жасап жатқанын көрсететін суреттер пайда болды.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<