«Наполи» стадионының аты Диего Марадона құрметіне өзгертілді

496

0

Италиялық «Наполи» футбол клубының үй аренасының аты ресми түрде Диего Марадона құрметіне өзгертілді. Бұл туралы Неаполь муниципалитетінің сайтында хабарланды, – деп хабарлайды РИА Новости

«Сан Паоло» стадионын Марадонаның құрметіне атау туралы ұсынысты Неаполь қаласының мэрі Луиджи Де Маджистрис және топонимика жөніндегі кеңесші Алессандра Клементе ұсынған. Оған Неаполь қалалық кеңесіндегілер қол қойды.

Марадона «Наполи» клубында 1984 пен 1991 жылдар аралығында өнер көрсетіп, командасымен екі рет Италия чемпионатын жеңген, сонымен қатар УЕФА кубогын алған.  Футболшыға көзі тірісінде-ақ Неапольдің құрметті азаматы атағын берген.

Еске салайық, 1986 жылғы әлем чемпионы Диего Марадона 25 қарашада 60 жасында қайтыс болды.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<