Өзім үшін әлі шешім қабылдамадым – Путин 2024 жылғы сайлауға қатысу туралы

790

0

Ресей Федерациясының халқы президентке қайта сайлануға «ресми рұқсат» берді, деп мәлімдеді Владимир Путин.

«2024 жылы өтетін сайлауға барамын ба, жоқ па дегенге келсек, өзім үшін әлі шешім қабылдаған жоқпын. Оған халықтан ресми рұқсат бар. Олай істеймін бе, жоқ па, оны уақыт көрсетеді», – деді Путин жыл сайынғы үлкен баспасөз конференциясында.  

Еске сала кетейік, осы жылдың жазында Ресейде Конституцияға түзету енгізу үшін дауыс беру науқаны ұйымдастырылды. Түзетулердің бірі президенттің жаңа мерзімге қайта сайлану мүмкіндігіне қатысты болды.    

Пандемия кезіндегі Путиннің баспасөз конференциясы

Биыл коронавирус пандемиясына байланысты Ресей президенті Владимир Путиннің дәстүрлі баспасөз конференциясы ерекше форматта өтіп жатыр. Ол өзі Ново-Огареводағы резиденциясында, журналистер мен фотографтар бірнеше баспасөз орталығында жиналды. Барлығына талап бірдей – міндетті түрде маска мен қолғап киіп, қашықтықты сақтау керек.

Путин пандемияны өтіп бара жатқан жылдың басты проблемасы деп атады 

Жыл сайын бір жарым мыңнан астам адам жиналатын Дүниежүзілік сауда орталығының залына 247 журналисті ғана кіргізді. Бұл санитарлық талап.

Орталыққа шетелдік және федералды ресейлік бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері орналастырылды, Мәскеуде және өңірлерде журналистерге арналған алаңдар ашылды.

sputnik.kz

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<