Ақтөбелік жүргізуші қызылордалық полицейлерге алғысын білдірді

316

0

Қызылорда облысы аумағында жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында патрульдік полиция қызметкерлері оқыс оқиғалардың алдын алу үшін тәулік бойы патрульдеу және бақылау жұмыстарын жүргізу үшін күшейтілген кезекшілікке тұрады.

 Жақында Ақтөбе қаласының тұрғыны Олег  Агеев әлеуметтік желілер арқылы тікелей эфирде Қызылорда облысы ПД патрульдік полиция ротасының қызметкерлеріне жолда көрсеткен көмегі үшін алғысын білдірді.

Жүргізуші Ақтөбе қаласынан Шымкент қаласына тиелген тауармен келе жатқан. Ауа райының кенеттен нашарлауына байланысты және техникалық ақаулықтардың салдарынан оның жүк көлігі «Шымкент-Самара» тас жолының 2017/245 шақырымына жолдың жиегінде батып қалған.

Сол аймақта қызмет атқарып жүрген Қызылорда облысы ПД патрульдік полиция ротасының инспекторлары полиция капитаны Самат Бекпейсов пен полиция капитаны Болат Дүкенбаев жолда батып қалған жүк автокөлігінің көріп, көлікті шығаруға барлық шаралар қабылдаған.  

Жүргізуші сыр сақшыларына халықтың қауіпсіздігін қамтамасыз етуде толағай табыстарға жетуге алғысын білдіріп, қызметкерлерінің берген көмегіне риза болды.

Қызылорда облысының Полиция департаменті жүргізушілерге  жолдарда барынша мұқият болуды ескертеді. Ұзақ сапарға шығар алдында автокөліктің техникалық жағдайын тексеріп, күтпеген жерден жолда болатын көптеген жағдайларды алдын алуды, оқыс оқиғалар орын алған жағдайларда шұғыл қызметтерге немесе полицияға қоңырау шалуды сұрайды.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<