Онлайн санақ көрсеткіші төмен

450

0

Қыркүйек айының бірінен «Ұлттық санақ – 2021-дің» ІІ кезеңі басталды. 15 қазанға дейін санақ онлайн өткізілсе, 1 мен 30 қазан аралығында планшет арқылы жаппай сауалнама жүргізіледі. Бүгінгі күні  14 575 адам ғана онлайн тіркелген. Бұл туралы өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте облыстық статистика департаментінің басшысы Мәриям Баекеева мәлімдеді.

Биылғы халық санағының ерекшелігі электронды форматта өтеді.  Интернет сауалнамада 91 сұрақ бар. Респонденттер санақтан өтіп, өзі, отбасы мүшелері үшін санақ парақтарын толтырады. Sanaq.gv.kz сайты 24 сағат бойы жұмыс істейді. Екінші әдіс – дәстүрлі жаппай сауалнаманы 1-30 қазан аралығында интервьюрлер электронды планшеттерді пайдалана отырып жүргізеді. Егер өзге де сұрақтар болса, 1446 нөмірі арқылы хабарласып, нақты ақпарат алады.

– Санақ жұмыстарының ІІ кезеңінде 1113 адам уақытша жұмысқа тартылды. Оның ішінде 139 нұсқаушы-бақылаушы және 974 сұхбатшы. Жұмыссыз жүрген жандар болса, бізбен хабарласуға болады. Қазіргі кезде санақ жүргізуге 374 адам қажет. Нұсқаушы-бақылаушыға 45 күнге берілетін жалақысы 125000 теңге,  ал сұхбатшыға 104000 теңге төленеді, – дейді департамент басшысы.

Жалпы, санақ қорытындысы – халықтың саны мен жас құрылымын бағалайтын, әртүрлі әлеуметтік-демографиялық топтарының жағдайын сипаттайтын ақпарат. Демографиялық және әлеуметтік-экономикалық көрсеткіштердің есебі жүргізіледі. Ұлттық халық санағының нәтижелері бойынша алынған деректер экономикалық және әлеуметтік бағдарламаларды әзірлеу, жұмыспен қамту саласындағы мемлекеттік саясатты нақтылау үшін пайдаланылады.

Бастысы, азаматтардың белсенділігі мен шынайы жауаптары сапалы дерек қорын қалыптастыруға негіз болады.

«СБ» ақпарат

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<