Сайлаушылардың саяси науқанға қатысу белсенділігі жоғары

522

0

Таңғы сағат 7:00-де өзім төрағалық ететін сайлау учаскесінде саяси науқан Қазақстан Республикасының әнұранымен басталды. Комиссия құрамы 5 адамнан тұрады. Мұнан бөлек мұнда 5 бақылаушы мен 3 сенімді өкіл де бар. Мейлінше сайлаудың әділ өтуін қадағалау негізгі міндетім болып табылады.

Әр сағат сайын жиналған дауыстар санының есебін аламыз. Барлық сайлаушыға дауыс беруге жағдай жасалған. Тіпті үйінен дауыс беретін мүмкіндігі шектеулі сайлаушыларға да үйінен шықпай-ақ өз таңдауын жасауға жағдай жасалған.

Жалағаштағы Аққыр ауылында 566 сайлаушы бар. Сағат 12:00-ге дейін оның 350-і өз таңдауын жасады. Жергілікті халықтың саяси науқанға қатысу белсенділігі жоғары. Бұл елді мекен болашағы үшін тұрғындардың бей-жай қалмайтынын аңғартса керек. Кешкі сағат 20:00-де науқан қорытындыланады. Оған дейін әрбір сайлаушының өз таңдауын жасауға мүмкіндігі бар.

Гүлбану ОРЫНБАЕВА,

№140 сайлау учаскесінің төрайымы

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<