Сырдария: Былтыр 17 көше жарықтандырылды

468

0

Өткен жылы Сырдария ауданында 17 көше жарықтандырылды. Оған 98 млн. теңге қаржы бөлінген. Биыл елді мекендердің көшелерін жарықтандыру жұмыстарына аудандық бюджеттен 17,6 млн. теңге қаржы қаралды. Жеті көше жарықтандырылады. Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінің ақпарат алаңында өткен брифингте Сырдария ауданының әкімі Талғат Дүйсебаев мәлімдеді.

Ауданда электр желілерін жаңғырту өзекті мәселелер қатарында. Аудан басшысы бұл бағытта атқарылатын жұмыстарға да тоқталып өтті.

– Әсіресе, 1973 жылы қолданысқа берілген Аманкелді, Шаған, Қоғалыкөл және А.Тоқмағамбетов ауылдық округтеріндегі электр энергиясы жиі ажырауы орын алуда. Бүгінде аталған ауылдардағы электрмен жабдықтау жүйесін қайта жаңғырту жұмыстарына жоба-сметалық құжаттама әзірлеуге қаржы көздері қарастырылуда, – деді Талғат Дүйсебаев.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<