Сырдария өзенінде әуесқойлық (спорттық) балық аулау маусымы ашылды

716

0

Бүгіннен бастап Қызылорда облысы аумағында орналасқан Сырдария өзенінде әуесқой балықшылар үшін балық аулау маусымы ашылды.

Әуесқой аулау – бір-бірлеп аулауға ғана (кәсіпшілік емес аулау құралдары) мүмкіндік беретін аулау құралдарымен жүзеге асырылатын, спорттық және эстетикалық қажеттіліктерді қанағаттандыру, спорттық жарыстарды өткізу мақсатында, сондай-ақ аулап алынған өнімді жеке тұтыну үшін балық ресурстарын және басқа да су жануарларын аулау болып табылады.

Сонымен қатар, бір балықшы бір шыққанда бес килограмға дейін алып шыға отырып, балық шаруашылығы су айдындарының және (немесе) учаскелерiнiң резервтiк қорында әуесқойлық (спорттық) балық аулау қандай да бiр рұқсатсыз жүзеге асырылады.

Әуесқойлық (спорттық) балық аулау бір балық аулаушыға бес данадан аспайтын ілмектері бар қармақтардың барлық жүйелерімен және атауларымен (жылтырауық, қармақ, жыртқыш балықтарды аулауға арналған қармақтар, спиннингтер), су асты аңшылығына арналған қарумен, сондай-ақ бір балық аулаушыға үш данадан аспайтын шаяндар мен басқа да су жануарларын аулауға арналған арнайы аспаптармен, қақпандармен және секреттермен жүргізіледі.

Айта кетейік, аймақта балықтардыӊ уылдырық шашу мерзімдері Сырдария өзенінде 1 сәуір – 30 мамыр аралығы.

 Жергілікті балық шаруашылығы су айдындарында 20 сәуір – 10 маусым, ал Кіші Арал теӊізінде 1 мамырдан
– 10 маусым аралығында балық аулауға тыйым салынғандығын ескертеміз.

 Сондай-ақ «УЫЛДЫРЫҚ-2021»  балық қорғау акциясы жалғасуда.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<