Жомарттық мәртебесі

608

0

Бүгінде ауыл тұрғындары тұрмыс-тіршілігінің түйткіл түйіншегі толыққанды шешілмей жатқаны баршамызға аян.

Әлемді дүрліктірген коронавирус пандемиясы да алақандай ауылдарға азу тісін батырып, елді күңірентіп жіберген. Десек те, бұл сынақ барша хылықтың бірлігін нығайтып, елім деген ерлеріміздің қолынан іс келетінін көрсетіп, жомартығын танытқанын атап өткеніміз жөн.

Осы орайда, ел игілігі жолында қарапайым адамдарға жанашырлығымен көзге түскен азаматтарымыздың бірі –  білікті заңгер, заң ғылымдарының кандидаты, ҚР журналистер Одағының мүшесі Ахметов Молдабек Меңлібайұлы. Ұзақ жылдар аудандық, облыстық сот жүйесіндегі елеулі еңбегі жоғары бағаланған заң саласының ардагері ҚР Әділет Министрлігінің алғыс хатымен, Судьялар Одағы Орталық Кеңесінің Құрмет грамотасымен марапатталғанын Сыр елі елі жақсы білсе керек.

  » Жақсының жақсылығын айт, нұры тасысын» дегендей, асыл азамат алтын бесігі –  туған жерінен шалғайда тұрып жатса да ат басын ауылға жиі бұрып, айтары бар ағайын-жұрттың өтінішін орындап, орталық саябақ төріне өз қаржысымен кешегі зұлмат жылдардың тарихынан сыр шертерлік «Қуғын-сүргін құрбандар ескерткіші» белгітасын орнатып бергені ел есінде.

Сонымен қатар 2020 жылғы жылу маусымында Дүр Оңғар ауылындағы тұрмысы аз қамтылған 6 отбасының әрқайсысына көмірмен көмектесті.

Жуырда аудан әкімдігінің қолдауы және аудандық «Nur Otan» партиясы мәслихаты шешімімен заң саласының ардагері Молдабек Меңлібайұлына «Қармақшы ауданының Құрметті азаматы» атағына ие болғанын қуанышпен хабарлаймын. Мұны меценаттығына берілген жоғары баға деп қабылдадық.

Достық ТІЛЕУБЕРГЕНОВ,

Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі,

Қармақшы ауданы, Дүр Оңғар ауылы.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<