Қазалыда 925 тұрғын қайтарымсыз грантқа қол жеткізді

456

0

Елімізде қолынан іс келетін азаматтарға кәсіп ашып, өз жұмысын бастауға арналған түрлі бағдарламалар бар. Соның ішінде 2017-2021 жылдарға арналған «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасының тиімділігі өте жоғары.

Бағдарламаның екінші бағыты «Жаппай кәсіпкерлікті дамыту» бойынша биыл Қазалы ауданытұрғындары үшін жаңа бизнес-идеяларды іске асыруға арналған мемлекеттік грант алуға 513 млнтеңге қаржы қаралды.

Бұл қаржы 925 тұрғынға беріліп, кәсіптерін ашуға септігін тигізді. Өз кезегінде олар берілген қаржыға қажетті еңбек құралдарын, технологиялық жабдықтар мен төрт түлікті сатып алды.

Қайтарымсыз грантқа қол жеткізгендердің бірі Шәкен ауылында тұратын ІІІ топ мүгедегі Жарқынай Әлімбетова. Ол 555 600 теңгеге тігін шеберханасына қажетті құрал-жабдықтарды сатып алған.

Айта кетейік, грант алған азаматтардың 248-і жастар, 490-ы көп балалы отбасы мүшелері, 9-ы мүмкіндігі шектеулі жандар болса, 178-і басқа санаттағы жұмыссыздар.

egemen.kz

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<