Қоғамдық тыңдау өтті

670

0

Бүгін облыс орталығындағы «Номад Палас» кешенінде «Қызылорда облысының үкіметтік емес ұйымдары Альянсы Ассоциациясы» заңды тұлғалар  бірлесітігінің бастамасымен қоғамдық тыңдау өтті. Оның жұмысына  ҮЕҰ, мемлекеттік органдар, бизнес өкілдері, БАҚ және мониторингтік топ өкілдері қатысты.

Коронавирус індеті басталғалы азық-түлік қымбаттағанын барлық қазақстандық байқады. Әсіресе, әлеуметтік тауарлардың құны наурыз-сәуір айларында көтерілді. Оған жол бермеу үшін Үкімет, жергілікті атқарушы органдар тарапынан көптеген жұмыс атқарылуда. Қоғамдық ұйымдар тарапынан да өңірімізде бірқатар кешенді шаралар белгіленді. Бұл іске кәсіподақ ұйымы мен бұқаралық ақпарат құралдары өкілдері де белсене қатысып жүр.

Қоғамдық тыңдауда облыстық ауыл шаруашылығы басқармасының басшысы Шахмардан Қойшыбаев «Әлеуметтік маңызы бар өнімдердің бағасын тұрақтандыру бағытында облысы әкімдігі тарапынан қабылданған шаралар туралы», «Самұрық» инновациялық идеяларды дамыту орталығы» қоғамдық қорының директоры, мониторингтік топ мүшесі Жандос Тұсмағамбетов аймақтағы әлеуметтік дүкендерге жүргізілген қоғамдық мониторинг нәтижесі туралы баяндады. Ал, «Байқоңыр» ӘКК арқылы кейбір әлеуметтік маңызы бар азық-түлік өнімдерінің бағасын тұрақтандыру тетіктері туралы басқарма төрағасы Ерлан Нұрланбаев айтып берді.   

Қызылорда қаласындағы әлеуметтік дүкендердің жұмысын жүргізудегі түйіткілді мәселелер туралы әлеуметтік дүкендер иелері пікір алмасатын болады.

Қоғамдық тыңдау нәтижесіменҚызылорда облысы азаматтық қоғам институттарының мемлекеттік органдар мен квазимемлекеттік секторларға әлеуметтік маңызды тауарлар мен өнімдердің бағасын тұрақтандыру арқылы тұрғындардың өмір сүру сапасын жақсарту мәселесіндегі ұсынымдары қабылданады.

«СБ» ақпарат

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<