Қырғызстандағы сайлау: Президенттікке 18 үміткер тіркелді

926

0

Қырғызстанның Орталық сайлау комиссиясы мерзімінен бұрын өтетін президент сайлауына қатысатын 18 кандидатты тіркеді. Бұл туралы ОСК баспасөз қызметі хабарлады. 

Атап айтқанда, Адахан Мадумаров, Арстанбек Абдылдаев, Қанатбек Исаев, Рашид Тағаев, Жеңісбек Байғұттиев, Клара Сооронқұлова, Аймен Қасенов, Мықтыбек Арстанбек, Бақтыбек Қалмаматов, Имамидин Ташов, Курсан Асанов, Қаныбек Иманалиев, Равшан Жээнбеков, Эльдар Абакиров, Ұлықбек Кочкоров, Бабыржан Толбаев, Әбділ Сегізбаев, Садыр Жапаров тіркелді. Осы аптаның басында ОСК президенттікке 18 үміткердің қол қою парақтарын қабылдады.

Кандидаттар 3 желтоқсанның түн ортасына дейін сайлау комиссиясына өздерінің қолдауы үшін кемінде 30 мың сайлаушының қолын тапсыруы қажет болатын. 20 үміткер қол қою парақтарының қажетті санын тапсыра алды. Екі кандидаттың қол қою парақтары жарамсыз деп танылды. ОСК қалған кандидаттарды Президент лауазымына тіркеу рәсімін жалғастырады, ол 14 желтоқсанда аяқталады. Сайлау алдындағы үгіт 15 желтоқсаннан басталады және дауыс беру күнінен бір күн бұрын аяқталады.

Естеріңізге сала кетейік, Қырғызстан президентінің мерзімінен бұрын сайлауы 10 қаңтарға белгіленген.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<