Қызылорда облысында жыл басынан бері адам саудасына қатысты 6 дерек тіркелді

272

0

Қызылорда облысында жыл басынан бері адам саудасына қатысты 6 дерек тіркелді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Биыл облыста мәжбүрлі еңбек және 14 жасқа толмаған балалардың еңбегін пайдалану деректері бойынша оқиға тіркелген жоқ.

«Полиция адам саудасына қарсы күрес бағытында жұмыстар жүргізді. Жыл басынан бері 5 жеңгетайлық және 1 бас бостандығынан заңсыз айыру бойынша қылмыстық іс тіркелген. Бұл бойынша тергеу амалдары жүргізілуде. Сонымен қатар, облыс аумағында адам саудасымен байланысты қылмыстарды ескерту, жолын кесу, анықтау және ашу бағытында құзырлы органдарымен бірлескен жедел-іздестіру іс-шараларын өткізуге мән берілді», – деді облыстық еңбек саласын бақылау басқармасының басшысы Төреахмет Жолымбетов.

Басқарма басшысы адамдарды еңбекке қанау мақсатында заңсыз бостандығынан айыру деректерін анықтау, жолын кесу бағытында тиісті іс-шаралар жүргізілгенін атап өтті. Осы мақсатта облысымызда 3671 шаруа қожалықтың 2876-сы тексерілген.


Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз